«Nurbank Charity run 2018» қайырымдылық жүгіру шарасын жүргізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
1.1. Жүгіру шарасының мақсаты:
- қайырымдылық және онкологиялық ауыруға шалдыққан балалардың мәселесіне көңіл аудару:
- жүгіру шарасын дағдыға айналдыру
- республика деңгейіндегі қайрымдылық жобаларына қолдау көрсету
- зиянды (темекі шегу) әдеттерден бас тарту
- дені сау ұлтты қалыптастыру

2. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
2.1. Жалпы басқару ісін «Экстремальная Атлетика» ҚҰ атқарады
2.2. Жарыстың дайындық жұмысын жүргізу мен оны өткізу Ұйымдастыру комитеті (бұдан былай – Ұйымдастыру кабинеті) мен «Нұрбанк» АҚ-мен бірге «Экстремальная Атлетика» ҚҰ-ға жүктеледі

3. ЖАРЫС ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН МЕН УАҚЫТЫ
3.1. Жарыс өткізілетін күн мен уақыт: 2018 жылдың 4 тамызы (сенбі), 07:00-ден 11:00-ге дейін
3.2. өткізілетін орын: Алматы қаласы, Тұңғыш Президент саябағы мен Үлкен Алматы өзенінің жағалауы.

4. ЖҮГІРУ ҚАШЫҚТЫҒЫ МЕН ЖАС ДЕҢГЕЙЛЕРІ
4.1. Жарыс бағдарламасына төмендегідей енгізілді:
- 10 жастан 14-ке дейінгі балаларға 3 км
- 15 жастан асқан қатысушыларға 10 км
-15 жастан асқан қатысушылар үшін скандинав жүрісі 10 км
- 18-ден асқан қатысушыларға 21 км
4.2. ЖАС ДЕҢГЕЙЛЕРІ
3 км қашықтыққа жүгірудегі жас деңгейі:
10 – 14 жас
10** км қашықтыққа жүгірудегі жас деңгейі:
15-34 жас
35-49 жас
50+
21 км қашықтыққа жүгірудегі жас деңгейі:
18-34 жас
35-49 жас
50+
*- «скандинав жүрісіне» қатысушыларға жеке марапаттау мен жас деңгейлері қарастырылмаған

5. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
5.1. Қолдарында туу туралы куәлік, әкесі мен анасының жеке куәліктерінің көшірмесі мен ата-аналарының қолхаты болған жағдайда, 3 км қашықтыққа жүгіруге 10 жастан 14-ке дейінгі қатысушыларға жүгіруге рұқсат етіледі.
5.2. Қолдарында жеке куәлігі (туу туралы куәлік), әкесі мен анасының жеке куәліктерінің көшірмесі (18 жасқа дейінгі қатысушылар) мен ата-аналарының қолхаты болған жағдайда, 10 км қашықтыққа жүгіруге 15 жастан асқан қатысушыларға рұқсат етіледі.

6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР
6.1. Жарысты ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындарды «Нұрбанк» АҚ көтереді.
6.2. Жол, орналасу мен тамаққа жұмсалатын шығындарды жіберіп отырған ұйым немесе қатысушының өзі көтереді.

7. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ МЕН МАРАПАТТАУ
7.1. 10-нан 17 жасқа дейін 3 км жарысқа қатысқан ұлдар мен қыздарды марапаттау қарастырылмаған, мәреге жеткен әрбір қатысушыға медаль мен кепілді сыйлық беріледі.
7.2. 10 км жүгіруде 1-3 орын алған ерлер мен әйелдер үш жас деңгейіне қарай марапатталады: 15-34 жас, 35-49 жас, 50+.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапат қағазы мен медаль алады.
7.3. 21 км жүгіруде 1-3 орын алған ерлер мен әйелдер үш жас деңгейіне қарай марапатталады: 15-34 жас, 35-49 жас, 50+.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапат қағазы мен медаль алады.
7.4. Мәреге жеткен барлық қатысушылар медаль алады.

8. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ МЕН РҰҚСАТ БЕРУ ШАРТТАРЫ
8.1. Жарысқа қатысушыларды www.nurrun.kz сайтында тіркеу жүргізіледі және ол 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін немесе қатысушыларды төмендегідей жалпы саны жинақталғанға дейін жалғасады:10 және 21 км қашықтыққа 1500 адам, балалардың 3 км жүгіруіне лимит – 200 адам.
8.2. Онлайн-тіркеуден өткен және нақты осы Жарысқа сөрелік жарна төлеген қатысушы тіркелген деп есептеледі. Төлем жасалған өтініштер ғана қатысушылар тізіміне енгізіледі.
8.3. Тіркеуден өткен және сөрелік жарнаны төлеген қатысушы жарыстың Ережесімен келіскен деп есептеледі.
8.4. Жарыстың сөрелік жиынтығы келесі мекенжайда беріледі: Алматы қаласы, Байзақов көш., 280, коворкинг «SmartPоint», 2018 жылдың 2 және 3 тамызы, сағ: 12:00-ден 21:00-ге дейін
Назар аударыңыз! Жарыстың сөрелік жиынтығы басқа күндері берілмейді.
8.5. Қатысушыға жиынтық берілген кезде бірге берілетін құжаттары болған қатысушы жарысқа жіберіледі:

10 жастан 17-ге дейінгі қатысушыдан:
• Жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлігінің көшірмесі).
• Әкесі мен анасының жарысқа қатысуға рұқсат бергені туралы қолхаты.
• Қолхатқа тікелей қолдарын қойған әкесі мен анасының жеке куәліктерінің көшірмесі талап етіледі.

18 жастағы және одан үлкен қатысушылардан:
• Жеке куәлігінің көшірмесі.
• Өз денсаулығына жауапты екені туралы қолхат талап етіледі.

8.6. Сөрелік жарна:
- 21 км жүгіруге қатысушылар үшін – 4 000 теңге
- 10 км скандинав тәсілімен жүру жарысына қатысушылар үшін – 4 000 теңге
- 3 км жүгіруге қатысушылар үшін – 1000 теңге
Жиналған қаражаттың барлығы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.
8.7. Жарысқа қатысу мақсатында төленген қаражаттар қайтарылмайды.
8.8. Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді

9. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СӨРЕ
07.00 – 07.15 Қатысушыларды жинау.
07.15 – 07.25 Жарыс ережелерімен таныстыру. Ширату.
07.25 – 07.30 Қашықтықтар бойынша қатысушыларды анықтау.
07.30 Балалардың 3 км жүгіруі. Берілген уақыт – 30 минут.
08.00 21 км жүгіру сөресі. Берілген уақыт — 3 сағат 00 минут.
08.15 10 км жүгіру сөресі. Берілген уақыт — 1 сағат 30 минут.

МӘРЕ
07.40 – 07.45 Алғашқы болып 3 км қашықтықта мәреге жетушілерге белгіленген уақыт.
08.35 – 08.45 Алғашқы болып 10 км қашықтықта мәреге жетушілерге белгіленген уақыт.

09.25 – 09.35 Алғашқы болып 21 км қашықтықта мәреге жетушілерге белгіленген уақыт.
10.0010.30 12 км мен 21 км жүгірген ерлер мен әйелдерді жас деңгейлеріне қарай 1-3 орын бойынша марапаттау.
11.00 Мәре аймағының жабылуы.

10 км қашықтықты жүгіріп өтуге берілген уақыты лимиті – 1 сағат 30 минут.
21 км қашықтықты жүгіріп өтуге берілген уақыты лимиті – 3 сағат 00 минут.
Бірінші айналымды жүгіріп өтуге берілген уақыты лимиті – 1 сағат 15 минут

3 км қашықтықты жүгіріп өтуге берілген уақыты лимиті – 30 минут.

10. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ МЕН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
10.1. Жарысқа қатысушылардың нәтижелері хронометраждың электронды жүйесінде тіркеледі және төрешілер алқасы оны растап береді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушылар көрсеткен мәрелік уақытқа қарай анықталады.
10.2. Төрешілер алқасы. Спорттық сипаттағы күрестің әділ өтуі және жеңімпаз дұрыс анықталуы үшін төрешілер жарыс ережелерінің сақталуын қатаң қадағалайды. Осы жарысқа қызмет көрсететін барлық төрешілер, төрешілер алқасының құрамына кіреді.
10.2.1. Төрешілері алқасының құрамына кіреді:
Жарыстың бас төрешісі
Бас төреші жарыс өткізілетін орынның дайындығын алдын-ала тексереді, төрешілердің жұмыстарын белгілеп береді және олардың өз міндеттерін орындауын қадағалайды. Жарыс аяқталғаннан кейін бас төреші шараның өту барысы жайлы есеп дайындап, сонымен бірге жарыс нәтижесін Ұйымдастыру комитетіне тапсырады.
Жарыстың бас хатшысы
Бас хатшы хаттамаларды әзірлейді және нәтижелерді тіркейді, төрешілерге, қатысушылар мен көрермендерге хабарлауға арналған жарыстың басталуы туралы қажетті материалдарды уақтылы әзірлейді, жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелерге қарай жалпы есеп дайындайды.
Сөре-мәрелік аймақтардың төрешілері
Сөре-мәрелік аймақтардың төрешілері сөре кезінде ережелердің сақталып, біреудің артықшылық алып кетпесі үшін спортшылардың кластерге сай жарыс жолына шығуын қатаң қадағалайды. Мәреде тұрған төрешілер мәреге алғашқы болып жеткен 10 спортшыны тіркейді және мәрелік хаттама жасайды. Хронометраж жүйесіндегі нәтижелермен салғастыру үшін хаттамалар бас төрешіге тапсырылады.
Төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.

11. ЖАРЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
11.1. Жарыстың ресми нәтижелері шара аяқталғаннан кейінгі 24 сағат ішінде www.nurrun.kz сайтында жарияланады.
11.2. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір дұрыс орналастырылған жағдайда ғана тіркеледі. Сөрелік нөмір анық көрініп тұруы тиіс, сөрелік нөмір жарысқа қатысушысының кеудесіне бекітілуі қажет.
11.3. Төмендегі жағдайлар орын алғанда, әрбір қатысушы өз нәтижесін 100% алатынына ұйымдастыру комитеті кепілдік бермейді:

•чип дұрыс бекітілмеген
•қатысушы басқаның чибімен жүгірген
•чиптің магниттік күші жойылған
•Төрешілер алқасының шешімімен жарыстан қуылған
11.4. Бір және одан да көп чек-поинттары болмаған қатысушыны жарыстан шеттету туралы соңғы шешімді қабылдау құқығын ұйымдастыру комитеті өзіне қалдырады.
11.5. Нәтижелерді енгізуде қолданылатын терминология:
DNS – Did not start (қатысушы сөреден қозғалмады)
DNF – Did not finish (қатысушы мәреге жетпеді)
DSQ – Disqualified (қатысушы жарыстан қуылды)
Мәрелік уақыт – сөре белгісі берілгеннен бастап қатысушылар мәре сызығын кесіп өткенге дейінгі уақыт кезеңі.
Чип уақыт – сөре сызығын кесіп өткеннен бастап мәре сызығын кесіп өткенге дейінгі уақыт.
МАҢЫЗДЫ! Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре сызығын қиып өткен уақытымен анықталады. Абсолютті - чип уақыт бойынша.

12. НАРАЗЫЛЫҚ ПЕН ШАҒЫМДАНУ
12.1. Наразылықтар Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оны төрешілер алқасы қарастырады.
12.2. Шара өткізілгеннен кейінгі 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде қатысушы наразылық беруге құқылы.
Наразылық tengriultra@gmail.com электронды мекенжайға жіберіледі
Наразылық берген кезде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:
• аты-жөні (анонимдік арыздар қаралмайды);
• шағымның мәні, кінәраттың мазмұны;
• шағымның негіздемесі (нақты дәлелдер ғана қарастыруға қабылданады: фото сурет, видео, спорт-треккер жазбалары ж.б.).
12.3. Ұйымдастыру комитеті наразылық немесе шағым берілген сәттен бастап 24 сағат мерзім ішінде ресми жауап әзірлейді, ол шағым берілген электронды мекенжайға жіберіледі.
12.4. Кінәраттар қатысушылардан ғана қабылданады.

13. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
13.1. Шара жайлы толық ақпарат www.nurrun.kz сайтында орналасқан

Басқа ақпараттық ресурстардағы ақпараттар үшін жарыстың Ұйымдастыру комитеті жауапкершілікке тартылмайды.

Осы ереже жарысқа қатысуға ресми түрде шақыру болып табылады.